Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан жазылған қазақстандық үйінде мереке ұйымдастырды (видео)

Опубликовано:

үйлену
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысы Байғабыл ауылының тұрғыны коронавирус инфекциясынан айығып шықты. Келіншек осыған орай карантинге қарамастан, үйінде мереке ұйымдастырған. Бұл туралы ақпарат ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Коронавирустан жазылып шыққан әйел өз үйінде мереке ұйымдастырған. Шақырылған қонақтар арасында оның жақын туыстары мен достары болыпты.

Карантин кезінде жаппай іс-шара өткізіп жатқанын көрген көршілер мерекенің алдын алу үшін жедел топты шақырған.

ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Үй иесі көршілері мен туыстарын қонаққа шақырған, жиналғандар шағын бөлмеде сауық-сайран құрып отырған", - делінген хабарламада.

Комитеттің ақпаратынша, әйел жергілікті орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оған 41 670 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Еске сала кетсек, Таразда үйлену тойына келген қонақтар тексеріс келгенде ғимараттан қашып кетпек болғанын жазған едік.

Жамбыл облысы полиция департаментінің ақпарынша, Тараздағы ғимараттардың бірінде 80 адамның қатысуымен той өткен.

"Мобильді топ қонақтарды ұстап алғанда, олар күйеу жігітпен қалыңдықты тастай сала есікке қарай жүгірді",- деді полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, елорданың полиция қызметкерлері мониторинг топтың құрамында рейд өткізіп, оның барысында "ZOLOTO" мейрамханасында шамамен 70 адамның көңіл көтеріп отырғанын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885779-koronavirustan-zazylgan-kazakstandyk-jinde-mereke-jymdastyrdy-video/

pixel