Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ коронавирус үшінші толқынының қауіптілігін ескертті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдеріндегі коронавирусқа қатысты жағдайға алаңдаушылық танытты. Ұйымның өкілі Дэвид Набарроның сөзінше, Еуропада КВИ-дің үшінші толқыны 2021 жылы басталу мүмкін.

Набарро СOVID-19 үшінші толқыны Еуропаға келер жылдың басында келуі мүмкін екенін ескертті. РИА Новости басылымының хабарлауынша, ДДСҰ бірқатар Еуропа елдері коронавирустың бірінші толқынын баса алғанымен, екінші толқынды толығымен еңсермеды.

"Еуропаның коррнавиурсқа әсері толық болмады. Олар бірінші толқынды бақылауға алғанымен, жаз айларында қажетті инфрақұрылымды құру мүмкіндігін жіберіп алды. Сол себепті, оларда қазір екінші толқын шарықтап тұр" , - деді маман.

Оның сөзінше, еуропалық елдерге тез арада қажетті инфрақұрылымды құру керек. Кері жағдайда еуропалықтарды тағы бір коронавирус толқыны күтіп тұрмақ.

Набарроның айтуынша, қазіргі таңда Батыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің алдында вирусты локдаун орнатпай-ақ бақылауға алу мақсаты тұр. Маман бұл қатаң шектеу үшін жоғапы баға төлеуге мәжбүр екенімізді айтты.

Сонымен қатар, Наббаро Шығыс Азиядағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл аймақта КВИ жағдайы анағұрлым жақсырақ. Оған мемлекет пен халықтың өзара байланысы сепші болған.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 756 қазақстандық анықталған болатын. Науқастар саны бойынша ШҚО көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885851-dds-koronavirus-sinsi-tolkynyny-kauiptiligin-eskertti/

pixel