Соңғы тәулікте елімізде 716 адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Өткен бір тәулікте Қазақстанда 716 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.KZ Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстанда өткен тәулікте 716 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 40
Алматы қаласы - 42
Шымкент қаласы - 2
Ақмола облысы - 61
Ақтөбе облысы - 8
Алматы облысы - 12
Атырау облысы - 15
Шығыс Қазақстан облысы - 188
Жамбыл облысы - 10
Батыс Қазақстан облысы - 42
Қарағанды облысы - 20
Қостанай облысы - 77
Қызылорда облысы - 1
Маңғыстау облысы - 2
Павлодар облысы - 98
Солтүстік Қазақстан облысы - 96
Түркістан облысы - 2
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 126 182-ге жетті.
Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Дэвид Набарроның сөзінше, Еуропада КВИ-дің үшінші толқыны 2021 жылы басталуы мүмкін.
Сондай-ақ Данияда қаракүзендер жұқтырған коронавирус мутацияға ұшырады. Вирустың жаңа түрі әлдеқайда жылдам таралатын болып шықты. Бұл туралы Джордж Мейсон университеті жүйелі биология мектебінің профессоры Анча Баранова мәлімдеді.
Ғалымдардың зерттеуінше, жануардан алынған вирустың жаңа штаммы бастапқыдан ерекшеленеді.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 756 қазақстандық анықталған болатын. Науқастар саны бойынша ШҚО көш бастап тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885878-sogy-tulikte-elde-716-adamnan-koronavirus-tabyldy/