Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ірі жол апатынан төрт бала зардап шекті

Опубликовано:

Фото
Фото: Фото: Sputnik / Стрингер

22 қарашада кешкісін Алматыда бес адам зардап шеккен ірі жол апаты болды. Жарақат алғандардың төртеуі кәмелет жасына толмағандар.

Sputnik Қазақстанның мәліметінше, жол апаты Абай даңғылында Тұрғұт Озал мен Тілендиев көшелерінің аралығында болған.

Куәгерлер оқыс жағдай кезінде Mercedes-190 көлігі Абай даңғылымен шығысқа қарай бет алғанын айтты. Өтеген батыр көшесінен өткен уақытта алда келе жатқан Kia Rio-ға жоғары жылдамдықпен соғылған.

Салдарынан Kia Rio алдында тұрған "Тойотаға", ол "Мерседес S-классқа" соғылған.

Фото
Фото: Sputnik / Стрингер

Төрт көліктің қатысуымен болған ірі жол апатынан кейін Абай даңғылында ұзын-сонар кептеліс пайда болған.

Жол апатынан бес адам зардап шеккен. Олар: "Kia Rio" жүргізушісі мен "Mercedes-190"-ның жолаушылары болған төрт бала. Олардың барлығы әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнында Алматы полиция департаментінің жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмолада әкімдік жүргізушісі қызметтік көлікпен мектеп оқушысын қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар Түркістан облысында полицияның қызметтік көлігі шетелдік көлікпен соқтығысып қалған еді.

Салдарынан алты адам - екі көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушы зардап шеккен. Ал Nexia автокөлігінің жүргізушісі жол апатына кінәлі екенін мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885966-almatyda-zol-apatynan-trt-bala-zardap-sekti/

pixel