Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы бардың бірі қонақтарын 4 сағат бойы полициядан жасырып қойған

Опубликовано:

Фото
Фото: Павлодар облысының полиция департаменті

Павлодардағы бардың әкімшілігі мен күзетшілері полиция тексеруге келгенде айыппұл төлемеу үшін 40 адамды 4 сағат жасырып қойған. Алайда ақыр соныңда олардың қулығы әшкере болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қаладағы диско-бардың біріне тәртіп сақшылары келген уақытта қызметкерлер қонақтарын лезде төменгі қабатқа түсірген.

Кейбірі жоғарыға көтерілуге әрекет жасаса да, оларды бөлмеден шығармаған.

Ал полицейлер ғимараттың ішін тексеріп, тек гардеробтан ғана сырт киімдерді тапқан. Содан кейін көңіл көтеру орынынан шығып кеткен. Расында олар ғимаратты бақылауға алуды жалғастырып, сыртын қоршауға алып, күткен.

4 сағаттан кейін қонақтар көшеге шыға бастаған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары ғимаратқа қайта кіріп, бәрін полиция бөліміне алып кеткен.

Полиция департаменті көңіл көтеру орнында жалпы 40 адамды жасырып қойғанын атап өтті. Айыппұл тек ғимарат иесіне ғана емес, сол жерде демалғандарға да салынбақ.

Еске сала кетспек, бұған дейін елордада түнде ресторанда көңіл көтерген 70 адам үйіне қайтарылғанын жазған едік.

Жалпы, елімізде карантинге байланысты той тойлауға рұқсат берілмесе де, қазақстандықтар көпшіліктің басын қосып, жиын өткізулерін қояр емес. Тіпті олардың қатарында лауазымды шешеуніктер де бар.

Мәселен, Маңғыстау облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібекова көпшілікпен бірге туған күнін атап өткені хабарланған еді.

Кейінірек, Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкері - энергетика басқармасының бас маманы Жанболат Жақыповтың да тойда жүрген видеосы тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886043-pavlodardagy-bardy-biri-konaktaryn-4-sagat-bojy-policiadan-zasyryp-kojgan/

pixel