jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Экология министрі елімізде ауасы қатты ластанған 10 қаланы атады

Лас қала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев министрлер кабинетінің онлайн-отырысында ауасы қатты ластанған елдегі қалаларды атады және ірі қалалардың экологиясын жақсарту үшін не істеу қажеттігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мағзұм Мырзағалиев былтырғы жылы еліміздің 45 өңірінде атмосфералық ауаға экологиялық мониторинг жүргізілгенін мәлімдеді. Оның қорытындылары бойынша 10 қала ауаның ластану деңгейі жоғары жерлер қатарына жатқызылған.

Еліміздегі ауасы қатты ластанған қалалардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент бар.

Ластаушы заттар ауаға ең көп таралған өңір - Павлодар облысы.

Қалалардың экологиясын жақсарту үшін ЖЭО-ны газға ауыстыру, жеке секторды газдандыру, қоғамдық көліктер мен коммуналдық қызметтердің көлік құралдарын табиғи газға ауыстыру жоспарлануда.

"Сонымен қатар жел режиміне зерттеулер жүргізіп, оны ескере отырып, сәулет келбетінің ережелеріне өзгертулер енгізу, құрылыстың бас жоспарларына түзету енгізу жоспарлануда. Осылайша, қоршаған ортадағы ластаушы заттардың көлемі азаяды", - дейді Мырзағалиев.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау тұрғыны Қаракөл өзеніндегі бір топ қызғылт фламингоны видеоға түсіріп алған болатын. Әдемі кадрлар БАҚ беттері мен әлеуметтік желіде пайда болғаннан кейін Азамат Сәрсенбаевқа орман шаруашылығы инспекциясынан шақырту түскен.

Одан бөлек, Алматы әлемдегі ең арзан қала ретінде бесінші орынға жайғасқанын жазған болатынбыз.

Экология министрі елімізде ауасы қатты ластанған 10 қаланы атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.