Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы орталығында қырқылған ағаштар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

Опубликовано:

Емен ағашы
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы сауда үйі маңында кесілген ағаштар Қазақстанның Қызыл кітабіна енген. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде Жасыл экономика басқармасының жетекшісі Наталья Ливинская айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ливинскаяның айтуынша, кәсіпкерлер тарапынан ағаштарды кесуге өтініш түспеген.

Жасыл экономика басқармасы басшысының сөзінше, ведомство сауда үйі тарапынан өтемақы ретінде ағаш отырғызуды талап ететін болады.

Одан бөлек, ағаштар тек Төле би көшесіне ғана емес, бүкіл қала бойынша отырғызылуы керек.

"Көшеттерге орынды, көлемін, талаптарды ұсынамыз. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Басқарма келтірілген шығынды анықтау үшін Ботаникалық бақ пен Іле Алатуы ұлттық саябағына сұраныс жіберді.

Мамандар ағаштар жойылып кету алдында тұрған және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қабыршақты еменнің кіші түрлеріне жататындығын анықтады. Бұл сирек кездесетін, реликті өсімдік", - деді Ливинская.

Ол қала тұрғындарын мұндай көріністерге бей-жай қарамауға шақырды және бұл мәселеде қоғамдық айыптау маңызды элемент екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы тұрғындары қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған еді.

Ағаштар Жароков пен Әуезов көшелерінің арасындағы Төле би көшесінің маңында кесілген. Желі қолданушылары ағаштың босап қалған орнын көрсетті.

Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді. Анықталғандай, басқарма ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жағдайға назар аударған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886501-almaty-ortalygynda-kyrkylgan-agastar-kazakstanny-kyzyl-kitabyna-engizilgen/

pixel