RU

Өзінен жүкті болып қалған 14 жасар қызды өлтіруге оқталған жігіт сотталды

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Татарстанда сот 19 жастағы Азнакаев ауданының тұрғынын өзінен жүкті болған 14 жастағы мектеп оқушысын өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп тапты деп хабарлайды ren.tv.

Өзінен жүкті болып қалған 14 жастағы мектеп оқушысын буындырып өлтірмек болған жігіт қатаң режимдегі колонияда 9 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында жігіттің биыл әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған қызбен танысқаны анықталды. Сәуірде ол онымен жақын қарым-қатынасқа түсіп, кейінірек қыз жас жігітке жүкті болып қалғанын айтады.

Жігіт кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін оны өлтіре салуды ұйғарған.

Ол өзінің сүйіктісін ауылды аймаққа алып кетіп, оны тұншықтырмақ болған, сонымен қатар ол оқушыны ұрып, тепкінің астына алған.

Қыз есінен танған кезде оны машинаның жүк салғышына салып, содан кейін сайға тастап, денесін бұтақтардың арасына жасырып, қылмыс орнынан кетіп қалған.

Абырой болғанда, бірнеше сағаттан кейін оқушы қыз есін жиып, жолға шыға алған. Жергілікті тұрғындар оған дереу көмектеседі.

Еске салсақ, бұған дейін он баласы бар көкшетаулық ерлі-зайыптыны өлтірген қылмыскерге сот үкімі шыққанын жазған едік. 83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы әйелінің мәйіті 30 сәуір күні таңғы уақытта табылды.

Одан бөлек, Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте пышақтап өлтіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886598-zinen-zkti-bolyp-kalgan-14-zasar-kyzdy-ltiruge-oktalgan-zigit-sottaldy/