Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша ақша кетеді: ДСМ жауап берді

Опубликовано:

Қазақстанда тағы 83 адамнан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: Vincent Duterne / Photonews via Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда COVID-19 жұқтырған бір пациентті емдеуге қанша ақша жұмсалатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Коронавирус індетіне шалдыққан бір науқасты емдеу құны –өте ауыр немесе ауыр жағдай үшін 900 мың теңге, ал жағдайы орташа пациентке 465 мың теңге жұмсалады", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр мұндай ақша ауруханаға емделген бір науқас үшін төленетінін нақтылады.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында карантиндік шаралар күшейтілді. Ұйғыр аудандық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен елді мекенге кіретін жолдарға блок-бекеттер қойылды.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен онлайн-брифингте коронавирус жұқтыру қаупі басым жерлерде жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысы туралы айтты. Ол COVID-19 жұқтырған медқызметкерлерге берілетін төлемнің тоқтағанын, алайда эпидемия ошағындағыларға берілетін үстемақының сақталғанын хабарлады.

Министрдің айтуынша, Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері карантин кезінде 7,7 миллион теңге, сол аурухананың медбикесі 7 миллион теңге табыс тапқан.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы демалыс және мереке күндері азаматтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886942-covid-19-zktyrgan-bir-naukasty-emdeuge-kansa-aksa-ketedi-dsm-zauap-berdi/

pixel