Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді адам көрмейді": Алматы облысында дәрігерлер басшылыққа шағымданды

Опубликовано:

Дәрігер1
Көрнекі фото: piqsels.com

Кербұлақ аудандық ауруханасында су жоқ. Медицина мекемесінің қызметкерлері бұл туралы әлеуметтік желіде айтты. Басшылыққа түскен шағымға қатысты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шағым Facebook желісіндегі топтардың бірінде пайда болды. Жазба авторы белгісіз, себебі олар басшылық тарапынан өзіне қысым көрсетіліп, жұмыссыз қалуым мүмкін деп деп қорыққан.

"Сіздерге Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылынан жазып отырмыз. Өзімізді таныстырмағанымыз үшін кешірім сұраймыз, бізді жұмыстан шығара ма деп қорқамыз. Біздің ауруханада екі айдан бері су жоқ. Оны жертөледен немесе өз үйімізден алып келеміз. Суды бір жыл төлемеген соң өшіріп тастаған. Қарыз сомасы шамамен 8 млн теңге деп жатыр. Біз жоғарғы қабаттарға су тасудан шаршадық. Ал басшылық "санитарлар ұялмайды, тіпті, су тасығысы келмейді" деп айтады. Кімге барарымызды білмейміз. Басшылық ауруханада су қашан боларын білмейді, тек бізге айғайлай береді. Санитарларды адам көрмейді", - делінген хатта.

Желі қолданушылары медициналық мекемеде пандемия кезеңінде санитар нормалар сақталуына қатысты күмән білдірді. Олар бюджеттік ұйымның су үшін неге қарыз болғанын да түсіне алмай отыр.

"Пандемия ушығып тұр. Ал біздің ауруханаларда антисанитария. Ауруханадағы тазалық санитарлардың мойнында. Еңбектері ауыр. Ал ақша төлемесе, кінә аурухана басшылығында", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қайда? Бюджетте ақша бар. Бюджеттік мекеменің қарызы болмауға тиіс", "Ауруханада су жоқ болса, оны жабу керек. Антисанитария мен инфекция ошағына айналдырмау қажет",- деді желі қолданушылары.

Алматы облысында денсаулық сақтау басқармасында коммуналдық қарыз туралы ақпаратты теріске шығарды, алайда сумен жабдықтау мәселесі туындап отырғанын жасырған жоқ.

"Кербұлақ Орталық аудандық ауруханасында су үшін қарыз емес. Бүгінгі таңда ауруханада сумен жабдықтау жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Себебі, судың қысымы өте төмен",- деді баспасөз хатшысы Лейлім Әубәкірова.

Еске салайық, белгілі ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников өлім-жітім көп болатын індетке алдын ала дайындалу қажет екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887233-bizdi-adam-krmejdi-almaty-oblysynda-drigerler-bassylykka-sagymdandy/

pixel