Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұзындығы 31 метр": Елордалық аспаз хот-дог пісіруден рекорд жаңартты (видео)

Опубликовано:

хот-дог1
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада Тұңғыш Президент күні ұзындығы 31 метр болатын хот-дог әзірленді деп хабарлайды Астана арнасы.

Аспаз Александр Плотников алып асты дайындауға шамамен 22 келі ұн, 16 келі ет және 5 күн уақытын жұмсаған. Әрі барлығын қолдан әзірлеген.

Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтің айтуынша, бұған дейін де ел ішінде алып хот-дог пісірілген. Ол кезде оның ұзындығы 12 метр болыпты.

Ал бұл жолы одан екі есе артығымен дайындалғандықтан, рекорд жаңартылып отыр.

Құдайбергеновтің сөзінше, егер биыл ешқандай өзгерістер болмаса, Александр Плотников әлемдік рекордты да жаңартты деп санауға болады.

"Басқа елдерде де орнатылған. Ең ірісі қателеспесем 22 метр болған бұған дейін. Яғни биылғы жылы ешқандай өзгеріс болмаса, мұны әлемдік рекорд деп қарауға да болады", - дейді Қуандық Құдайбергенов.

Ғ. Өтемісов

Айта кетейік, бұған дейін 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанып, рекорд орнатқанын жазған едік.

Үндістанның Ахмадабад қаласында тұратын екінші сынып оқушысы Архам Ом Талсания Python әмбебап бағдарламалау тілін білу сынағын сәтті тапсыра алған. Бұл сынақты сәтті тапсыру үшін әдетте бірнеше жылдар бойы бағдарламалау саласында білімді шыңдау керек. Дегенмен Архам өзіне берілген сынақтан сәтті өте алған.

Сонымен қатар 42 жастағы азамат ерекше ұзын шашымен рекорд орнатқанын хабарлаған едік.

Джозеф Гризамор ирокез деп аталатын шаш үлгісін жасатып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887531-zyndygy-31-metr-elordalyk-aspaz-hot-dog-pisiruden-rekord-zaartty-video/

pixel