jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Түркістан облысында жасөспірім жасырын түрде жұмыс істеп, қолынан айырылды

Ерасыл бала1
Кадр: КТК арнасынан

Түркістан облысында қара жұмысқа жегілген оқушы қолынан айырылды. Оқыс оқиға Ордабасы ауданындағы кірпіш зауытында болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, негізінен күн жылыда жұмыс істейтін кірпіш зауыты қазір тоқтап тұр. Маусымы емес. Әйтпесе мұнда жұмыс күші ретінде алыс-жақын ауылдардан оқушылар тартылады екен. Солардың бірі қолынан айырылған 14 жастағы оқушы.

Оқиға болған күні зауыт жұмыс істеп тұрған. Жеткіншек байқаусызда қара лентаның үстіне құлап, кесек үгітетін станоктың арасында қолы қысылып қалып, оқыс жағдайға тап болған.

9-сыныпта оқитын жасөспірім қолынан айырылғалы бері төсек тартып жатыр. Анасы екі айдан бері тұңғышының жанынан шықпайды.

Оқушының сөзіне сенсек, қазан айының басында достары келіп, көрші Бадам ауылындағы кірпіш зауытына жұмыс істеуге шақырған екен. Олардың еңбегі 3-4 мың теңгеге бағаланған.

Жұмысқа кетіп бара жатқанын жеткіншек ата-анасына ескертпепті. Демалыс күндері таңертең "достарыма кеттім" деп, Гүлмира есімді ауылдағы зауыт пен оқушылар арасындағы делдал әйелге барған.

Шұбарсу ауылында оқушыларының өндіріс орындарында жалдануы қалыпты жағдай көрінеді. Тағы бір оқушының айтуынша, зауытта жұмыс істейтін жасөспірімдердің қарасы көп.

"Тек бір аспаз ғана бар. Қалғанының бәрі оқушы. Бадамнан да осы Шұбарсудан да көп оқушы. Күніне төрт мың төлейді. Тоғыз сағат жұмыс істейміз", - дейді 8 сынып оқушысы

Тілшілер 14 жастағы оқушы қолынан айырылған кірпіш зауытын іздеп, Шұбарсу ауылынан 30 шақырым жердегі Бадам ауылына барған. Басшылары орнында жоқ екен. Тек қарауыл ғана жүр. Ол жұмысшылар арасында ересектен өзге балалардың да болатынын жасырмаған.

Ал жеткіншектің ата-анасы полицияға екі ай бұрын арыз жазған. Құзырлы орган аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

Мүгедек боп қалған ұлдың отбасы кінәлі тарап: "Ең болмаса сапалы протез қойып, ем-домына қаржысын өтеп берсе" дейді.

Дереккөз КТК арнасы

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы балет театрының құрылысы кезінде жақыны қаза болған тұрғындар жанайқайын жеткізген еді.

Одан бөлек, "Теңіз" кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны қайта артқаны белгілі болды.

Түркістан облысында жасөспірім жасырын түрде жұмыс істеп, қолынан айырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.