jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Министр қазақстандықтар қандай жағдайда туды балконға іле алмайтынын айтты

Фото
Көрнекі фото: Zakon.kz

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туды пайдалану ережелерін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс.

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік туды ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді, дейді Райымқұлова.

Ол мемлекеттік туға қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеушілік болып есептелетінін жеткізді.

Министр мемлекеттік ту ұлттық стандарттарға сәйкес келмесе, ол Қазақстан үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуы және жойылуы тиіс, деген пікірде.

Райымқұлованың сөзінше, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін туды заңсыз дайындағаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған.

"Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік туды қорлау нысанасы ретінде пайдалана алмайды", - деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысының сөзінше, қазақстандықтарға туды бір қабатты және көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойды. Оған сәйкес, енді қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат берілді.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын. Президент заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін айтқан еді.

Министр қазақстандықтар қандай жағдайда туды балконға іле алмайтынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.