Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді

Опубликовано:

Қазақстан туы
Фото: zakon.kz

Премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойды. Енді қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің жетістіктерін қолдау мақсатында, оны ғимараттарында (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға, орналастыруға) болады", - делінген құжат мәтінінде.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын.

Президент заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін айтқан еді.

Сонымен қата 10 жылдан бері үйінің төбесінде көк туымыз желбіреп тұрған павлодарлық тұрғын жайлы азған едік.

Мемлекеттік рәмізге ерекше құрмет көрсететін Ерсайын Шапиннің сөзінше, әрбір қазақстандық ұлттық рәміздерді құрметтеп, оларды бойтұмарындай қастерлеуі керек.

"Алғаш үйімнің іргетасын қалап бастағанда "осыдан баспанам салынып бітсе, төбесіне көк байрағымды іліп қоямын" деп армандаған едім. Енді сол арманым орындалды. Көзім жұмылғанша, көк туым төбемде желбіреп тұратын болады", - дейді Ерсайын Шапин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887676-kazakstandyktarga-memlekettik-tudy-balkonga-iluge-resmi-trde-rksat-etildi/

pixel