Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға туды үй сырты мен балконға ілуге рұқсат берілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Қазақстан туы
Көрнекі фото: zerkalo-gazeta.com

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы азаматтар мен депутаттардың ұсынысын қолдайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.
Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", - деді президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салсақ, Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылған болатын.

Қазақстандықтар бұл шулы оқиғаға қарсы әлеуметтік желілерде "Мен туымды мақтан етемін" флешмобын бастап, өз наразылықтарын білдірді. Мыңдаған желі қолданушысы мемлекеттік рәміздің суретін өз парақшаларында жариялады.

Кейінірек, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты азаматтардың өтінішіне түсініктеме берді.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады", - деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881707-kazakstandyktarga-tudy-jleri-men-balkonga-iluge-rksat-berilui-mmkin/