Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоқысқа тасталған кітаптарды жинап, ауыл мектептеріне беретін қария жайлы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Қалдық өңдеу зауытындағы қария
Фото: 120.su

Қытай елінде қария жылдар бойы қоқыс арасында жұмыс істеп келеді, алайда жұмысының пайдалы жақтарын да тауып үлгерген. 76 жастағы тұрғын қоқыс арасынан азаматтар тастаған кітаптарды жинауды әдетке айналдырған деп хабарлайды 120.su.

Қытайдың Шаньдун қаласының 76 жастағы тұрғыны отыз жылдан астам уақыт бойы қалдықтарды қайта өңдеу зауытында жұмыс істеп келеді.

Қалдық өңдеу зауытындағы қария
Фото: 120.su

Сонымен қатар бұл жұмыс қарияның уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді.

Себебі зейнеткер қоқыс қалдықтарын сұрыптау кезінде басшылықтың маңызды тапсырмаларын орындап қана қоймай, қоқысқа тасталған ескі кітаптарды іздеумен айналысады, содан соң жиналған кітаптарды ауыл мектептеріне береді.

Белгілі болғандай, ізденімпаз әрі мейірімді қария мектептерге он мыңнан астам кітап беріп үлгерген, зейнеткердің бұл әрекеті болмаған жағдайда сан мыңдаған кітап қайта өңделуге кететін еді.

Еске салсақ, бұған дейін өзінің икемділігімен көпшілікті таңғалдырып жүрген 82 жастағы қытайлық әжей туралы жазған едік. Цзя Юй Сян йогамен айналысып қана қоймай шпагатқа отырады.

Сонымен қатар 67 жылдан бері ота жасап жүрген 93 жастағы қырғызстандық дәрігердің Гиннестің рекордтар кітабына енгенін хабарлаған болатынбыз.

Мамбет Мамакеев Гиннестің рекордар кітабына енгенін растайтын диплом пошта арқылы жіберілген.

Қарт кісі жұмыс істеген 67 жылында 30 мың ота жасаған.

Білікті маман тек ота жасап қоймай, басқа қызметкерлерді де үйреткен. Бүгінде оның жүздеген шәкірті елдің түкпір-түкпірінде қызмет етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888314-kokyska-tastalgan-kitaptardy-zinap-auyl-mektepterine-beretin-karia-zajly-ne-bilemiz-foto/

pixel