jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Баяғы асаба – қазіргі механик: Карантинде адамдар қалай жан бағып отыр

Кадр
Видеодан кадр: 31 арна

Коронавирус пандемиясының кесірінен Семейде кәсіп ауыстырып, бизнестерін басқа арнаға бұрғандар көп. Бірі мейрамханаларын сатылымға шығарса, енді бірі сауда нүктелерін жауып, жан бағудың жаңа жолдарын қарастыруда. Өйткені табыс көзі тоқтап тұр деп хабарлайды 31 арна.

Семей қаласында дүркіреп мерекелік кеш өтетін мейрамхалардың көбісі сегіз айдан бері жабық тұр. Карантин режимі той бизнесін толық тоқтатты, дейді тойхана әкімшілері.

Ғимарат иелерінің сөздерінше, осындай үлкен ғимаратты қазіргі уақытта ұстап тұру қиынға соғуда.

Індеттің қашан, қай уақытта аяқталатыны белгісіз. Сондықтан біразы оны сатылымға шығарыпты.

Сонымен қатар шаһар тұрғыны Азамат Оралбекұлы да карантинге дейін асаба болып, нәпақасын қазақтың қызық-қуанышынан тауып жүргенін жасырмады. Оның сөзінше, тойлар тоқтаған соң, басқа кәсіп іздеуге тура келіпті.

"Үйде жатпай жұмыс жасау керек деген сияқты. Үйде отбасы бар, бала-шаға бар. Нан табу керек деген сияқты. Сондықтан да машина жөндейтін орталық аштық. Екі айдан асты жемісін көріп жатырмыз", - деді бұрынғы асаба – қазіргі механик.

Киім-кешектің түр-түрін сатқан Арай да ақыры сауда нүктесін жауып тастағанын мойындады.

Оның сөзінше, саудасы жүрмей қалған. Бизнес тоқтап қалған соң, жалдау құнын да төлеу қиындай түсті, дейді ол.

Ойлана келе туристік фирмаға жұмысқа тұрыпты.

"Осы уақытқа дейін негізінде сауда-саттықпен айналысқанмын. Осы жазда карантиннің кесірінен, саудам жүрмегеннен кейін бутигімді сатып, кейіннен осы туристік агенттігіне жұмысқа кірдім", - дейді туристік фирма қызметкері Арай Әшімова.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде тойханалардың жаппай сатылымға шығарылғанын жазған едік.

Сонымен қатар Шымкенттегі 500 адамға арналған тойхана мектепке айналғанын хабарлаған болатынбыз.

Баяғы асаба – қазіргі механик: Карантинде адамдар қалай жан бағып отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.