Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде темір "сарайды" паналаған 22 отбасының жағдайы елдің жүрегін ауыртты (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе
Фото: facebook.com/azamatyergaly

Белгілі блогер Азамат Ерғали Ақтөбе қаласына қарасты Қарғалы ауылында темір сарайларда тұрып жатқан 22 отбасының жай-күйін көрсетті. Жергілікті әкімдік бұрын вахта әдісімен келіп-кетіп істейтін жұмысшылар тұрған сарайларды жеке тұлғаларға сатып жіберген. Құжат бойынша бұл темір контейнерлер пәтер болып есептеледі деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

"Ақтөбедегі жағдайды көрген соң Қазақстаннан кетіп жатқандарды түсіне бастадым. Адамдар қалай күн көріп жүр?", - дейді блогер Азамат Ерғали Facebook парақшасында.

Блогер 22 отбасының "темір қорада" тұрғанына қынжылды.

"Енді бұлар құжат бойынша пәтер деп есептеледі. Ал шындығында пропан газымен оқталған лашықтар. Мұнда 22 газ баллоны тұр. Әр бөлменің ауданы 10-18-ақ шаршы метр. Электр желісі ашық-шашық тартылған, іші адам төзбейтін суық, әрі дым. Мұнда көпбалалы отбасы, мүгедектігі бар жандар мен жұмыспен қамтылмағандар тұрады. Осындай темір қораның нарықта құны көк тиын. Сата алмайсың. Сол себепті тұрғындар жылдар бойы шыдап келе жатыр", -дейді ол.

Блогер жергілікті әкімдікке кеңес берді. Оның ойынша лашықтарды сүзіп тастап, тұрғындарға жатақханадан орын тауып берген жөн.

"Әкімдік жоқ жерден проблема тауып, өздері не істерін білмей отыр. Темір қораның бар екеніне ешқандай реакция бергісі жоқ", - деп жазды блогер.

Тұрғындар аталған баспананың бағасы 850 мың теңге шамасында болатынын алға тартады. Есесіне үйдің құжаты түгел.

Желі қолданушылары видео кейіпкерлерінің жай-күйіне жанашыр пікір қалдыруда.

"О, құдайым, мұндай дәрежеге қалай түсіп кеттік?", "Қандай қорқынышты! Байғұс халқым... Қарапайым адамдар мен билігі барлардың арасында алшақтық үлкен", "Есесіне кедей депутаттарға коттедж салып береді", - деп жазған олар.

Осыдан кейін блогер Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровпен кездескен. Ол өзі куә болған кемшіліктерді әкімге жеткізгенін айтады.

"Ақтөбеліктердің мәселесін кім және қашан шешетіні белгісіз күйде қалды. Алайда кездесуде бұдан басқа бірқатар мәселені жеткізіп қалудың сәті түсті. Әкімдік өз позициясын білдірді. Мемлекеттік аппарат қоғам мүшелерімен ынтымақтастық орнатуға ниетті. Блогерлер мен журналистерге әрдайым есік ашық екенін жеткізді. Шенеуніктер жұмыстарында кемшіліктер бар екенін мойындайды, бірақ жетістіктері туралы үндемей қоймау керектігін баса айтты", - дейді Азамат Ерғали.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888388-aktbede-temir-sarajdy-panalagan-22-otbasyny-zagdajy-eldi-zregin-auyrtty-video/

pixel