Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түркістан облысының екі полицейін атып кетті": Желіде кезекті фейк ақпарат тарады

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Youtube

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Түркістан облысында түсірілген делінген бейнероликпен бөлісіп жатыр. Кадрлардан қарудың атылғаны естіледі. Видеодағы мәтіндік хабарламада оқиға салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапқаны айтылған. Алайда бұл ақпараттың елімізге еш қатысы жоқ деп хабарлайды stopfake.kz.

Скриншот
Скриншот: Скриншот

Бұл хабарламаға қатысты пікір білдірген Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, видео Ресейде түсірілген. Видео Youtube желісіне 2015 жылы жүктелген.

"Бұл ақпарат жалған болып табылатындығын және оқиғаның 2014 жылы Ресей аумағында орын алғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар азаматтардан жалған ақпаратты одан әрі таратпауды сұраймыз және мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – дейді ведомстводан.

Айта кету керек, осыған дейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде алдағы уақытта Қазақстанның аумағында екі апталық локдаун енгізілетіні туралы хабарлама тараған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар желіде балаларды жаппай вакцинациялау үшін мектепке қайтарады деген қауесет те тараған еді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл хабарламаның да жалған екенін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда оқушыларды жаппай мәжбүрлі вакцинациялау да жоспарланбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888757-trkistan-oblysyny-eki-policejin-atyp-ketti-zelide-kezekti-fejk-akparat-tarady/

pixel