Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бозжыра шатқалындағы құрылыс: Қонақ үй басқа жерден салынатын болды

Опубликовано:

Бозжыра
Фото: avesta-news.kz

Маңғыстау облысы Бозжырадағы қонақ үй құрылысын басқа жерге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында айтты.

Министрдің жазуынша, президенттің Бозжыра шатқалындағы қонақ үй салу жобасын қайта қарау туралы тапсырмасына сәйкес, Ақтау қаласында ғалымдармен, биологтармен, шетелдік сарапшылармен, жергілікті қоғам қайраткерлерімен кездесу өткен. Барлығы туристік нысан тұрғызу өңір үшін аса маңызды деген ортақ ой айтқан.

Мырзағалиевтің айтуынша, туризмді дамыту мен Бозжыра сияқты айрықша табиғи нысанның экожүйесін сақтаудың арасында тепе-теңдік болу керек.

Нәтижесінде қонақ үйде басқа жерден салу туралы шешім қабылданған.

"Жергілікті қоғам белсенділері ғалымдармен бірге қонақ үй салу өңірдің туризмін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін керек деген ойды алға тартты. Сондықтан ғалымдар мен жергілікті қоғам өкілдерінің ұсынысымен қонақ үй орны Жабайұшқан қаумалының сыртына ауыстырылатын болды", - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырған болатын.

Одан бөлек, Бозжыра шатқалына ат басын бұрған америкалық саяхатшыларды ерекше құбылыс таңғалдырғанын жазған едік.

Сондай-ақ "Орел и решка" бағдарламасының "Маңғыстау ғажайыптары" жаңа шығарылымы Украинаның "Новый канал" телеарнасынан көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889149-bozzyra-satkalyndagy-krylys-konak-j-baska-zerden-salynatyn-boldy/

pixel