Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 80 отбасы үйлі болып, 500 орындық мектеп пайдалануға берілді

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында 80 отбасы баспаналы болып, 500 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтерген 2 көпқабатты тұрғын үйді салтанатты түрде пайдалануға беріп, 80 отбасыға жаңа баспана кілтін табыстады. Баспанаға ие болғандар қатарында мұғалімдер, дәрігерлер және мәдениет саласының мамандары бар.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, құрылыс саласындағы аймақтың жетістіктерін атап өткен өңір басшысы биылғы жылы Қызылорда қаласында 580 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үй пайдалануға берілгеніне тоқталып, жыл аяғына дейін Сырдария өзенінің сол жағалауында құрылысы жүргізіліп жатқан 725 пәтерлік 15 көпқабатты тұрғын үйдің 14-і табысталып, 2021 жылы СПМК-70 тұрғын ауданы бойынша 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталатынын айтты.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Соңғы жылдары Сыр елінің бас шаһарында жекеменшік мектептердің құрылысы бойынша инвесторлармен қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Соның бір дәлелі мереке аясында пайдалануға берілген 500 орындық «Зерде» интеллектуалды мектебі.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жаңа мектептің ашылуында облыс әкімі білім ұясынан терең білімді меңгерген талапты да талантты тұлғалар, Тәуелсіз еліміздің дамуына аянбай үлес қосып, Сыр елін әлемге танытар зияткер ұрпақ білім алып шығады деп сенім білдіретіндігін жеткізді.

Интеллектуалды мектеп 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта оқушылар үшін спортзал, би залы, асхана мен оқу кабинеттері орналасса, екінші қабатта балалар демалыс алаңы және теннис залы салынған. Ал, үшінші қабат заманауи үлгідегі акт зал, компьютер сыныпқа арналған. Жаңа білім ұясы 120 адамды жұмыспен қамтыған. 8 мың шаршы метр жерге орналасқан ғимараттың ауласының жалпы көлемі 1,6 гектарды құрайды.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889412-kyzylordada-80-otbasy-baspanaly-bolyp-500-oryndyk-mektep-pajdalanuga-berildi/

pixel