Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасынан өтпек болған көліктен 60 келі героин тауып алды (видео)

Опубликовано:

Көлік
Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өтпек болған көліктен 60 келіден астам героин табылып, көліктің жүргізушісі ұсталды деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің ресми сайты.

10 желтоқсанда Ұтық Қауіпсіздік комитетінің шекарашылары қызметтік итті пайдалана отырып, автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстаннан Қазақстанға өтпек болған Toyota Prado көлігінен ерекше иісі бар ақ-сұр түсті зат жасырылған пакеттерді тапты.

Тәркіленген зат одан әрі тексеру жүргізу үшін ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.

Көлік
Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

11 желтоқсанда сараптама нәтижелері тәркіленген заттың салмағы 60 келі 370 грамм героин екенін көрсеткен.

Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Есірткіні алып өтпек болған күдікті кінәсі дәлелденген жағдайда он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Одан бөлек, оны мүлкін тәркіге алу жазасы да күтіп тұр.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда арнайы дабылы бар Mercedes тізгіндеген жасөспірім ұсталғанын жазған едік.

Одан бөлек, "Қызылорда–Жезқазған" тас жолында 12 тонналық газ цистернасы жарылуға шақ қалғанын жазған болатынбыз.

Өрт сөндірушілер оқиға орнында жедел әрі үйлесімді әрекет етіп, таңғы сағат 7-де тілсіз жау толық сөндірілді. Осылайша, өрт сөндірушілер Шымкенттен Ақшабұлақ кен орнына бара жатқан жүк көлігіне тіркелген 12 тонналық цистерна жарылысының алдын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889650-kk-kazak-kyrgyz-sekarasynda-60-keli-geroin-alyp-tpek-bolgan-zrgizusini-stady/

pixel