RU

Ақтөбе кафелерінің бірінде бойжеткен 4 мың доллары мен миллион теңгесін ұрлатып алды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Тәртіп сақшылары Оралда теңге және доллар валюталарындағы ірі сомада қаражат салынған рюкзакты ұрлады деген күдіктіні ұстады деп хабарлайды Ақтөбе облысы ПД-нің Instagram-дағы ресми аккаунты.

Белгілі болғандай, ұрлық 15 желтоқсан күні болған. Сағат 15.55 шамасында полциейлерге 101 атқыштар бригадасы көшесіндегі кафелердің бірінде белгісіз тұлға 24 жастағы қала тұрғынның үстел үстінде жатқан рюкзағындағы үлкен ақшалай сомасын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түседі.

Жәбірленуші патрульдік полиция нарядтарына рюкзакта 4.100 АҚШ доллары және 824 мың теңге сомасында ақша болғандығын хабарлады. Жалпы шығын 2,5 млн теңгені құраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қылмыс жасалғаннан кейін Оралға қарай бет алғаны белгілі болған. Көрші облысқа жедел уәкілдер шығып, күдіктіні тоқтатты. Орал қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Еске салсақ, бұған дейін "Самара-Шымкент" тас жолында әйел мен нәресте қаза болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Өскеменнің бұрынғы әкімі Вера Сухорукова өмірден озғанын жазған болатынбыз. Бұл жайында қазіргі қала әкімі Жақсылық Омар өз Instagram парақшасында мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889891-aktbe-kafelerini-birinde-bojzetken-4-my-dollary-men-million-tegesin-rlatyp-aldy/