Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Донбасстағы қақтығыс: Украина президенті Байденнің көмегіне үміттеніп отыр

Жарияланған күні:

Владимир Зеленский перед микрофоном
Владимир Зеленский. Фото: Serhat Cagdas/Anadolu Agency via Getty Images

Украина президенті америкалық The New York Times басылымына берген сұхбатында Джо Байден Украинаны жақсы білетінін және Донбасстағы қақтығысты қалыпқа келтіруге әсер ете алатынын мәлімдеді.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, Байден Украинамен тығыз қарым-қатынаста. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Украина мен Ресейдің айырмашылығын түсінеді және украиналық менталитеттен хабардар.

"Бұл шынында біздің қарым-қатынасты нығайтуға, Донбасстағы соғысты реттеп, біздің аумақты оккупациялау мәселесіне нүкте қоюға көмектеседі. Құрама Штаттар қол ұшын бере алады",- деді Украина басшысы.

Сұхбат барысында Зеленский Трамп әкімшілігіне қолдау білдіргені үшін және Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатқаны үшін алғыс айтты.

Алайда, ол АҚШ билігі Украина үшін одан да ауқымды көмек беруге қауқарлы болғанын атап өтті. Оның бірі- қақтығыс маңындағы Үкімет бақылауындағы аудандарға АҚШ инвестициясын ынталандыру, деп есептейді президент.

Еске салсақ, осыған дейін Зеленский өзінің COVID-19 жұқтырғанын әлеуметтік желі арқылы мәлімдеген болатын. Кейінірек Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Көп ұзамай Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twіtter-дегі парақшасында Украина президентіне сауығып кетуін тіледі.

10 қарашада Украина президенті Владимир Зеленский Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті. Украина басшысы елдің қазіргі уақытта COVAX халықаралық қоры аясында әзірленіп жатқан коронавирус вакцинасына қолжетімділігін кеңейту туралы өтініш білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889898-donbasstagy-kaktygys-ukraina-prezidenti-bajdenni-kmegine-mittenip-otyr/