Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемде ашаршылық болады": Желіде кезекті жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде жақында ғаламшарда ашаршылық болатыны және "өсімдік тектес ақуыз өнімдерінің пакеттері” тек COVID-19 қарсы екпе жасатқандарға ғана берілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Клаус Шваб өзінің Twitter-дегі парақшасында хабардар етті. Оның сөзінше, бұл фейк деп хабарлайды Stopface.kz.

Клаус Шваб онлайн да, шынайы өмірде де мұндай мәлімдеме жасамағанын сөз етті.

Оның сөзінше, конспирологиялық теорияларды жақтаушылар бұл дәйексөзді Швабтың фейк парақшасынан алған.

Ал шынайы, жүйемен верификацияланған аккаунтында бір ғана жарияланым бар, онда былай делінген: "Twitter-ге қосылғаныма қуаныштымын. Сіздердің хабарламаларыңызды асыға күтемін, өйткені біз 2021 жылы қаңтарда онлайн режимде өтетін #DavosAgenda апталығына дайындалып жатырмыз".

Жазба осы жылдың 26 қарашасында жазылған.

Жақында Жер бетінде жаһандық аштық болатынына ешқандай маңызды алғышарттар жоқ. Керісінше, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден осы жылдың мамыр айында сайлау науқаны кезінде елде азық-түлік тапшылығы проблемасы жоқ деп мәлімдеді.

Демек, COVID-19 қарсы екпе жасатқандар ғана азық-түлікпен қамтамасыз етіледі деген пікірлер мағынасыз.

Жалпы, бүкіл теория жалған аккаунтта жарияланған бір хабарламаға негізделген және нақты фактілер жоқ.

Фото
Фото: Скриншот/stopfake.kz

Еске сала кетсек, осыған дейін мессенджерлерде "Қазақстанда COVID-19 вакцинациясынан бас тартуға болмайды" деген ақпарат тараған болатын.

Сонымен қатар Дональд Трамп жақын арада коронавирусқа қарсы вакцина салдырмайтынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889937-lemde-asarsylyk-bolady-zelide-kezekti-zalgan-akparat-tarady/

pixel