Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жол талғамайтын көлік 19 жастағы қызды қағып кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

19 желтоқсан күні кешкі уақытта бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өтпек болған қызды көлік қағып кетті. 19 жастағы астаналық ару оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай шамамен сағат 18:00-де Әуезов көшесінде болған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, күдікті апат кезінде Әуезов көшесінен Иманов көшесіне қарай бұрылып жатқан.

"Toyota Land Cruiser 200" маркалы жол талғамайтын көлігі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. Полицейлер күдіктіні ұстады. Сараптама нәтижелері жүргізушінің мас болмағанын көрсеткен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта ер адам қамауда отыр. Іс бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.

Ведомство астаналық жүргізушілерге мұзды жағдайда көлік жүргізген кезде өте сақ және жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде қырағы болуды, жылдамдықты асырмауды және қауіпсіз арақашықтықты бұзбау керектігін ескертеді.

Еске сала кетсек, 19 желтоқсан күні Алматы қаласында Lada Granta көлігі мен Yutong автобусы соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам жарақат алды.

Айта кетсек, бұған дейін Қарағанды облысындағы тас жолда 11 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетіп, аударылып қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Оған қоса, Алматыдағы шығыс айналма жолында үш автокөліктің қатысуымен жол апаты болғаны турады жазған едік. Апат салдарынан екі көлік аударылып қалған. Mitsubishi Pajero мен Mercedes C-class шығыс айналма жолда солтүстік бағытта қозғалғаны анықталды. Диваев көшесіне жетпей көліктер соқтығысып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889982-nr-sltanda-zol-talgamajtyn-klik-19-zastagy-kyzdy-kagyp-ketti/

pixel