Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында төбешіктен сырғанаған 10 жасар қыз қайтыс болды

Опубликовано:

Сырғанау
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысында 10 жасар қыз қайтыс болды. Оқушы төбешіктен сырғанау кезінде ауыр жарақат алған. Ақпаратты Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Көксу ауданындағы Мұқыры асуында болған. Биіктен сырғанау кезінде 10 жасар қыз ауыр жарақат алып, емханаға түскен кезде қайтыс болды.

Көксу ауданының әкімдігі ақпаратты растап, қайғылы жағдай демалып, сырғанауға арналмаған төмпешіктердің бірінде болғанын алға тартты.

"Құқық қорғау органдары қажетті сараптамалар тағайындай отырып, фактіні тексеріп жатыр. Нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз. Қайғылы жағдай болған жер шаңғы тебуге арналмаған. Арнайы тыйым белгілері де бар. Аумақ шаруа қожалықтарының біріне тиесілі, оның иесіне тиісті хат жолданды", - деп хабарлады Көксу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құзырлы мекеме сырғанау орындарында профилактикалық рейдтер ұйымдастыруды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Петропавл тұрғыны сырғанауға барған соң ауыр халде ауруханаға түсіп, комада жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл мәліметке қатысты Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

Одан бөлек, Кіші Алматыда төрт және алты жасар екі бала мұз астына түсіп қайтыс болған еді. Олар ересектердің қарауынсыз ойнап жүргені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889986-almaty-oblysynda-tbesikten-syrganagan-10-zasar-kyz-kajtys-boldy/

pixel