Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы жарты жылдықта оқушылар мен студенттер қалай оқитыны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Артем Букреев/Орал апталығы

Қазақстанда оқушылардың екінші және үшінші тоқсанда, сондай-ақ студенттердің ІІ семестрде қалай білім алатыны белгілі болды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды: 

  • оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9, 11, 12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылсын;
  • оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын;
  • II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталсын. 

Еске сала кетсек, елімізде 25 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі.

Осы орайда үкімет басшысы әкімдерге қоғамдық орындар, мектептер мен балабақшаларға сапалы санитарлық өңдеу жүргізуді, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігін тапсырды.

Айта кетсек, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 146 584-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890034-aldagy-zarty-zyldykta-okusylar-men-studentter-kalaj-okityny-belgili-boldy/

pixel