Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 652 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 146 584-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"Қазақстанда өткен тәулікте 652 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 68
Алматы қаласы - 51
Шымкент қаласы - 3
Ақмола облысы - 59
Ақтөбе облысы - 8
Алматы облысы - 25
Атырау облысы - 74
Шығыс Қазақстан облысы - 60
Жамбыл облысы - 6
Батыс Қазақстан облысы - 37
Қарағанды облысы - 32
Қостанай облысы - 66
Қызылорда облысы - 1
Маңғыстау облысы - 12
Павлодар облысы - 80
Солтүстік Қазақстан облысы - 66
Түркістан облысы - 4
Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл аймақтан" шыққаны туралы жазған болатынбыз.
Оған қоса, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада Қазақстан Ресеймен бірлесіп, вакцина өндірісін іске қосатынын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889893-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandardy-sany-sti/