Тәжікстанда 12 жастағы қызды зорлады деген айыпталушы рақымшылықпен босап шықты
Жарияланған күні:
Тәжікстанда Гиссар соты 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталған 42 жастағы ер азаматты бес жылға бас бостандығынан айырып, артынша рақымшылық заңына сәйкес бостандыққа шығарды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Соттың түсіндіруінше, қылмыстық оқиға 2019 жылдың тамыз айында болған. Биыл қазан айында рақымшылық туралы заңның қабылданғандықтан, айыпталушы рақымшылыққа ілінген.
"Құқықтық бастама" қоғамдық ұйымының директоры Гулчехра Рахманова сот шешімімен келіспейтінін, Жоғарғы сотқа шағымданатынын жеткізді.
Оның сөзінше, Гиссар соты істі бір күнде қарап, шешім шығара салған.
Жәбірленуші қыздың айтуынша, 2019 жылдың жазында оны 42 жастағы немере ағасы зорлаған. Қыз 8-айға жүкті кезінде ғана бұл жайында туыстары білген.
Басылымның жазуынша, былтыр Хьюман Райтс Вотч ұйымы Тәжікстанда әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырауы күрделі мәселе екенін айтып, ел үкіметі тиісті шараларды жеткілікті қолданбай отыр деген.
Айта кетейік, Тәжікстанда адам зорлау фактісі бойынша 12 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе өлім жазасы қарастырылған. Бірақ 2004 жылдан бастап өлім жазасына мораторий енгізілген.
Еске салсақ, Көкшетауда күдіктінің қайтыс болуына байланысты 13 жастағы оқушы қызды зорлау және өлтіру туралы қылмыстық іс жабылды.
Оған қоса, Қостанай облысында полиция 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы Лисаковск тұрғынын ұстады.
Қазір азамат қамауға алынған. Ал жүкті қыз перзентханада жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890090-tzikstanda-12-zastagy-kyzdy-zorlady-degen-ajyptalusy-rakymsylykpen-bosap-sykty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.