Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында төбешіктен сырғанаған әйел омыртқасын сындырып алды

Опубликовано:

Сырғанау
Скриншот: atasu_live

Қарағанды ​​облысында төбешіктен сырғанау кезінде омыртқасын сындырып алған әйелдің видеосы желіге тарап кетті деп жазады Neonomad.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан сырғанау кезінде сәтсіз құлаған әйелдің айқайлап жерде жылап жатқанын байқауға болады. Оқыс жағдай Жаңаарқа ауылында тіркелген.

"Әйел ауруханада жатыр, оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, кеуде тұсынан жарақат алған, омыртқасы сынған. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Ауыл әкімдігі сырғанауға арналған төбешікті жергілікті тұрғындардың бірі жасағанын алға тартты. Ол қарлы төбешікті Жаңаарқа ауылы әкімдігін хабардар етпестен және жазбаша рұқсатын алмастан, тұрғындардың өтініші бойынша жеке қаражатына салған екен.

Оқиғадан кейін төбешікті тұрғызған азаматпен қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Басылымның жазуынша, бүгінде төбешік стандарттарға сәйкестендіріліп, қайта қалпына келтіріліпті.

Еске салсақ, осыған ұқсас оқыс жағдай бұған дейін де орын алған болатын. Алматы облысында төбешіктен сырғанау кезінде ауыр жарақаттанған 10 жасар қыз қайтыс болған еді. Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Көксу ауданындағы Мұқыры асуында болған. Биіктен сырғанау кезінде 10 жасар қыз ауыр жарақат алып, емханаға түскен кезде қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890173-karagandy-oblysynda-tbesikten-syrganagan-jel-omyrtkasyn-syndyryp-aldy/

pixel