jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында жол бойынан балақай табылды (видео)

Адасқан бала
Видеодан кадр: youtube.com/Это Казахстан, детка

Алматы облысында ер адам тас жолдан тоңып қалған кішкентай баланы тауып алды. Жүргізуші бүлдіршіннің ата-анасын табу мақсатымен түсірген видеосын әлеуметтік желіге салған. Өңірлік полиция департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

5-6 жастағы ер баланың видеосы YouTube пен әлеуметтік желіде жарияланған.

Көлік жүргізушісі тас жолда адасып кеткен баланы кезіктіріп, оны үйіне қайтармақ болыпты.

"Қазір жолда кетіп бара жатып, ұл баланы тауып алдым. Жол жиегінде жалғыз өзі тұр. Айналада ешкім жоқ. Міне, қараңыздар", - дейді ер адам.

"Әкең қайда?", - деп сұрған жүргізушіге балақай "Ана жақта", - деп жауап берген.

"Қайда? Онда ешкім жоқ қой. Қазір кеш батып кетеді. Қасқырлар жеп кетсе не істейсің? Түріңді көрсетші, әкең сені танитын шығар. Енді қайтсем екен? Әкімдікке апарайын ба? Жақсы, өзіммен ала кетейін", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Видео авторы жеке жүк тасымалдаумен айналысатын Алматы облысының тумасы Бауыржан Қожаев болып шықты.

"Расымен де кеше түстен кейін жолдан балақайды кездестірдім. Ақши ауылынан Ұзынаағаш станциясына бара жатқанмын. Ол тоңып қалғандықтан ештеңені түсіндіре алмады. Көлікте мен оны жылытып, үйін іздей бастадым.

Бір-екі шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығын тауып, баланы ата-анасына тапсырдым. Мені қарсы алған әйел оның анасы екенін айтты. Бала да өзінің анасы екенін айтты. Полицейлермен сөйлесіп, оларға егжей-тегжейлі түсіндіріп бердім", - дейді ер адам.

Алматы облысы полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Табылған бала туралы әлеуметтік желілердегі хабарламаға жауап беру аясында полиция істің мән-жайын анықтайды және оның ата-анасының әрекетіне құқықтық баға береді. Тексерістің аралық нәтижелері туралы халықты кейінірек хабардар етеміз", - дейді ведомство.

Алматы облысында жол бойынан балақай табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.