Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 5G толқыны бұлттардың құрылымын өзгертетіні рас па

Опубликовано:

Фото
Фото: Youtube/Правдоискатель Конспирология

Желіде "Қазақстанда 5G толқыны бұлттардың құрылымын өзгертеді" деген ақпар тарап, көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды Stopface.kz.

Отандық блогер YouTube желісіндегі "Правдоискатель Конспирология" арнасында өзіне ерекше болып көрінген бұлттардың видеосын жария етті. Оның сөзінше, толқынды бұлттар 5G әсерінен пайда болады.

Алайда, басылым бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Біріншіден, видеода аса түйдек бұлттар көрсетілген. Бұл әдеттен тыс жайт емес. Олар көптеген факторларға байланысты жылдың кез келген мезгілінде қалыптасуы мүмкін. Көбінесе мұндай бұлттардан жауын-шашын жауады.

Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстанда технология әлі іске қосылмағандықтан 5G толқынының болуы мүмкін емес. Ол үшін жабдықтар сатып алынбаған және қажетті лицензиялар алынған жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін "Қазақстанда COVID-19 вакцинациясынан бас тартуға болмайды" деген ақпарат тараған еді. Бұған қатысты пікір білдірген денсаулық сақтау министрлігі мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Сонымен қатар жақында әлеуметтік желілерде болгариялық сәуегей Ванга "белгілі бір вирустың тарайтынын айтқан" деген ақпарат тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Осы орайда Stopfake бұл ақпараттардың қайдан шыққанын анықтап көрді.

Басылым бұндай жазбаларда күмән, сәйкессіздіктер мен қайшылықтар өте көп екенін атап өтіп, олардың кейбіріне тоқталып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890375-kazakstanda-5g-tolkyny-blttardy-krylymyn-zgertetini-ras-pa/

pixel