RU

Головкиннен жеңілгеннен кейін Шеремета белгісіз мерзімге жекпе-жектерден шеттетілді

Камил Шеремета
Камил Шеремета. Фото: Cliff Hawkins/Getty Images

Флорида штатының бокс комиссиясы Головкиннен жеңілгеннен кейін Камил Шереметаны жекпе-жектен шеттету туралы шешім қабылдады.

Поляк боксшысының шаршы алаңдағы кездесулерден белгісіз мерзімге шеттетілгені белгілі болды.

Комиссия бұндай қадамға спортшының дұрыс қалпына келуі үшін және медициналық сипатта барған деп жазады Sports.kz.

Одан бөлек, нокаутпен жеңілген отандасымыз Әли Ахмедов та дисквалификацияланды.

Сонымен қатар боксшы белгісіз мерзімге жекпе-жектен шеттетілді. Шара спортшының дұрыс қалпына келуіне бағытталған.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890470-golovkinnen-zeilgennen-kejin-seremeta-belgisiz-merzimge-zekpe-zekterden-settetildi/