Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды": Елбасы Головкинді құттықтады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев отандық спортшы Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

"Осы жеңіс арқылы сен өз дивизионыңда 21-ші рет әлем чемпионы атанып, қазақстандық және әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың. Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды деп ойлаймын.

Біз сенің спорттағы жарқын жетістіктеріңді, мықты рухыңды және жеңіске деген жігеріңді мақтан етеміз. Сенің жеңімпаз ретінде өз жолыңды жалғастыратыныңа сенімдімін және сенің жетістіктеріңе әлі талай сүйсінетін боламыз",  – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, бүгін, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Бірінші, екінші, төртінші және жетіншіде раундтарда, яғни 4 мәрте отандасымыз Шереметаны нокдаунға жіберді. Осылайша, Головкиннің қарсыласы сегізінші раундқа шығудан бас тартты.

Оған қоса, қазақстандық боксшы және орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметаны жеңгеніне байланысты мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкин кезекті жеңісімен құттықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889845-tuelsizdik-knine-oraj-tamasa-syj-boldy-elbasy-golovkindi-kttyktady/

pixel