Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

90-шы жылдардағы ұзату: Қазақ қызын сарын айтып ұзатқандардың ескі видеосы жария болды

Опубликовано:

Ұзату
Скриншот: YouTube / Kazakh music life not only from Kazakhstan

Қытайда сарын айтып, қазақ қызын ұзату сәтінен 90-шы жылдары түсірілген видео ғаламторда жария болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ескі видоены көпшілік назарына "Kazakh music life not only from Kazakhstan" атты YouTube парақшасы ұсынған. Парақша авторы видеоның 90-жылдары Қытайда түсірілгенін жазады.

Видеодан ер адамның сарын орындап жатқанын байқауға болады. Ұзатылып жатқан аруды жақындары шығарып салып, жүк көлігіне отырғызады. Жиналғандардың бірталайы жүк көлігіне қызбен бірге отырып, кете барады.

Айта кетсек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Ағыбаев "Қазақ өркениеті" журналына 2016 жылы жария еткен мақаласында қыз ұзатудағы ең әсерлі де маңызды салттардың бірі – сарын (аужар, сыңсу айту) екендігін сөз еткен.

"Сыңсу - туған-туыстарынан жыраққа кетіп бара жатқан бойжеткеннің қоштасу өлеңі. Қайынсіңлілерінің жанында отырған жеңгелері де сыңсуға сыңсу қосады. Мұндай сыңсу көбінесе өз теңіне бара алмай кеткен қыздарға көбірек айтылады екен.

Ал аужар – көбінесе кетіп бара жатқан қызды жақсы көретін жігіттер, күйеуді жақтырмаған қайын сіңілісіне жаны ашыған жеңгелер айтатын сыңсу. Бірақ барлығы да отбасын құрып, шаңырақтың түтінін түтететін азаматын тапқан қыз балаға шын ниетімен ақ жол тілері анық", - деп жазған Ағыбаев.

Осы орайда профессор құдалыққа қатысты әртүрлі ізгі мақал-мәтелдер барын да сөз етіп, олардың бірқатарын ұсынған:

- Біреу болса – құда, екеу болса – ұя.

- Құданы құдай қосады, үйірі басқаны ноқта қосады.

- Құда болғанша құлы – биін сұрас, құда болған соң құл да болса сыйлас.

- Құдалық белгісі сый, сыйыт, қоныс белгісі – бейіт.

- Құдағи сыйымен жарасады, қуырдақ майымен жарасады.

- Құдандалылық малы бір, айтулы достың жаны бір.

- Алыс жерге құда болсаң, түйе – түйе ас келер,

Жақын жерге құда болсаң, түйе – түйе сөз келер.

- Құданың құдасы, құнан қойдың сорпасы.

- Күндес көргендінің қызын алма.

- Құдашамен құда ойнар, қу шөппен бәрі ойнар.

- Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890785-90-sy-zyldardagy-zatu-kazak-kyzyn-saryn-ajtyp-zatkandardy-eski-videosy-zaria-boldy-video/

pixel