Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қала тым-тырыс": Асхат Садырбай Түркиядағы карантиннің бар шындығын ашты

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай Стамбул қаласындағы карантин режимі туралы бар шындықты айтып берді. Бүгінде Түркияда жұмыс бабымен жүрген ақпарат өкілі бауырлас елдегі шектеу шаралары қаншалықты сақталынатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай алдағы уақытта Түркияға жол тартпақ ойы бар отандастарына келелі кеңесін беріп, Стамбулдағы каранинге қатысты тың мәліметтермен бөлісті.

Белгілі журналист Instagram парақшасында алып шаһарда пандемия қалай өтіп жатқанын айтып берді.

"Түркия. Бүгінгі Стамбул бұрынғыдай емес. Қашан келсең де тіршілігі қайнап, базары жайнап жататын алып шаһарда қазір тым-тырыс. Сүйікті қалама неше жыл келіп жүріп мұндай уақыттағы көрінісіне алғаш рет тап болдым. Стамбулдағы қазіргі жағдай мынадай:
  • Маска және ХЕС код. Стамбул қазіргі таңда әлем бойынша COVID жұқтырғандардың саны көптігі жағынан алғашқы ондыққа кірді. Мемлекет басшысы желтоқсаннан бастап карантинді қатаңдатуға шешім қабылдаған. Қалада маскасыз жүруге болмайды. Қатаң бақылау. Бірақ маскаң жоқ екен деп ешкім ешкімге айғайлап,ешқайда сүйреп әкетіп бара жатқан жоқ. Хес кодыңыз (Hes Code) болмаса ешқайда кіре алмайсыз. Ол тұрғындарға да, қонақтарға да бірдей қойылған талап. Арнайы сайтқа кіріп паспортыңның номері мен телефон номеріңді жазып тіркелесің. Саған арнайы (суреттегідей) код келеді. Барлық жерге сол кодты көрсетіп кіресің;
  • Локдаун және режим. Түркиялықтарға кешкі 21.00 ден кейін шектеулер көп. Жұмыс күндері қалада бәрі еркін жүріп-тұра алады. Тек жұма күні кешкі 21.00 ден бастап дүйсенбі күні таңғы 9-ға дейін үйден шығуға болмайды. Айыппұл 4,000 лира (шамамен 524 $). Туристерге көшеде жүруге рұқсат. Бірақ сенбі, жексенбі күндері көп жер жабық. Қоғамдық көліктер, адам таситын кемелер қысқартылған жұмыс кестесімен жұмыс істейді;
  • Қаруланған әскерилер мен блокпосттар, әскери техникалар. Қарабақтағы жағдайдан кейін болар деп топшыладым қалада да, әуежайда да бақылау күшейтілген. Қаланың тарихи орындарында блокпосттар, қаруланған әскерилер тұр;
  • Тамақ пен сервис. Түркияның барлық қалаларындағы (өзім 2 қаласында болдым) кафе, ресторан, асхана т.б.тамақтанатын орындарда отырып тамақтануға рұқсат жоқ. Тек пакетпен алып кетесіз немесе онлайн тапсырыс берсеңіз болады. Есесіне дәмханалардағы тамақтардың сапасы мен сервистің әлдеқайда артқанын аңғардым. Шеттен келген жұмысшылардың көбі елдеріне қайтып кеткен. Ал, уақыт талабы сапа. Туристер саны бұрынғыдай көп емес. Бәрі енді бұрынғыдай бергеніңді ала салмайды. Таңдап, талғап барып алады. Сол себепті де кәсіпкерлер бұрынғыдай санға емес сапаға жұмыс істей бастаған. (Қонақүйлердің кейбіреулерінде ғана таңғы асты ресторанда ішуге болады);
  • Базар мен сауда. Сенбі, жексенбі күндері базарлар, ірі сауда орталықтары жабық. Жұмыс күндері 21.00 ге дейін ғана істейді. Жалпы бұрынғымен салыстырғанда көп дүкендер жабылыпты. Біраз бутиктер, брендтер киім тігуді азайтқан, кейбіреуі тіпті тоқтатқан. Аралап жүріп аңғарғаным Түркиядағы жеңіл өнеркәсіпте бұрынғы қарқын жоқ. Бұл жақсы ма, әлде жақсы емес пе, білмедім;
  • Туризм сервистері. Turkish Airlines тың сервисі бұрынғыдан әлдеқайда төмендегеніне куә болдық. Бұл әуекомпаниясымен алғаш рет осыдан 10 жыл бұрын ұшқанымда беретін тамағы да, жолға қажетті заттары да зор еді. Бұл жолы бір тілік сыр мен колбасасы бар нан (сэндвич), 0,3 су мен 0,2 шырын салынған қағаз пакетті барғанша екі рет,қайтарда екі рет берді;
  • “Көлеңкедегі кәсіп”. Карантиндік шектеулерге қарамастан тығылып істеп жатқан кафе, ресторандар ол жақта да бар екенін көрдік. Тіпті спа, сауналар да табылады іздегенге;
  • COVID тест. Түркияға кірерде бізден ешкім COVID туралы анықтама сұраған жоқ. Бірақ Қазақстанға қайтарда тест нәтижесімен келуіңіз шарт. Біз қайтуға 1 күн қалғанда Ыстамбұлдағы жекеменшік клиникалардың біріне барып анализ тапсырдық. Қорытындысы сол күні кешке дайын болды. Тест нәтижесінің жарамдылығы 3 күн екен" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Ақпарат өкілі жазбасының соңында бауырлас түркі халқына амандық тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890787-kala-tym-tyrys-ashat-sadyrbaj-trkiadagy-karantinni-bar-syndygyn-asty/

pixel