Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда "бопсалау" дерегімен ұсталған Қазақстан тумасы танымал спортшы болып шықты

Опубликовано:

Қырғызстандық спортшы
Фото: today.kg

Қырғызстанның Бішкек қаласында "бопсалау" дерегімен ұсталған Қазақстан тумасы танымал балуан болып шықты. Ол грек-рим күресі бойынша ұлттық құрама сапына кірген. Бұл туралы Қырғызстанның жастар, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің сайтында хабарланды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Бішкекте қарулы күш өкілдері арнайы операция өткізіп, екі ер адамды ұстаған болатын.

Ұсталғандардың бірі - Қазақстан тумасы. Кейіннен оның Қырғызстанда танымал балуан екені анықталды.

"Спортшы Әдеп кодексінің 5-тарауы, 15-тармағы негізінде грек-рим күресінен Қырғыз Республикасы құрама командасының мүшесі Роман Царев 2020 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Қырғызстан Республикасының Ұлттық құрама командасының құрамынан шығарылды", - делінген агенттік хабарламасында.

Ведомство Царев осы жылдың басында Бішкекте өткен республика чемпионатының қорытындысы бойынша 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие болып, Қырғызстанның грек-рим күресінен ұлттық құрама командасының негізгі құрамына кіргенін мәлімдеді.

Айта кетейік, күрес жанкүйерлеріне Руслан Царевтың есімі жақсы таныс. Грек-рим күресінен Қырғызстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен қандасымызға қазақстандықтар үнемі ерекше қолдау білдіріп, қолпаштап отырады.

Руслан Царев 1991 жылы Тараз қаласында өмірге келген. Күрестен Қырғызстанның сегіз дүркін чемпионының әкесі - қазақ, ал анасы - орыс ұлтының өкілі.

Ол - Азия біріншілігінің бес дүркін жүлдегері. Соның бірінде алтын иеленген. Қандасымыздың бағы жанған жарыс Нұр-Сұлтан қаласында өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890897-kyrgyzstanda-bopsalausylykka-katysty-stalgan-kazakstan-tumasy-tanymal-sportsy-bolyp-sykty/

pixel