Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

422 млн теңге бөлінген: Қызылордада қар үстіне асфальт төсегендер елдің шамына тиді

Опубликовано:

Қызылорда облысындағы асфальт
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы

Қызылорда облысында жұмысшылар қар үстінен асфальт төсеген. Жергілікті тұрғындар мұндай суықта жол жөндеудің қажеті жоқ екенін айтып отыр.

Ақжарма ауылындағы 12 шақырымдық жолды жөндеуге бюджеттен 422 млн теңге бөлінген. Ал тендер жеңіп алған компания жұмысқа сәуір айында кірісуі қажет болған деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Алайда, кейінірек мердігер жол құрылысынан бас тартып, басталған істі аяқтау басқа жекеменшік иесіне міндеттелген. Ал оның жұмыс істеуіне, тіпті, жақында жауған қар да кедергі болмапты.

"Мұндай суық ауа райында төселген асфальттың сапасы болмайды емес пе? Сондықтан, біз ашық айтып жатырмыз, ал олар наразылықты тоқтатып, күн жылынуын күтуді сұрап отыр", - дейді ауыл тұрғыны Самат Диуанов.

Ауыл тұрғындары көшелерді асфальт деп айтуға болмайды дейді. Ал жекеменшік иесі Ақжарма ауылының әлі төрт көшесін жөндеуі керек екен.

Тұрғындар жұмысты бір аптадан аз уақытта аяқтауға тиіс компания басқа да учаскелерге атүсті қарап жатқанын айтып отыр.

"Басты мәселе бюджет қаржысын пайдалануда. Олар әлі де игерілген жоқ. Менің ойымша, оған мемлекеттік сатып алу жеңімпазын анықтауда қойылатын басты талаптарды негізге алмау себеп болып отыр", - дейді ауыл кеңесінің төрағасы Құдайберген Шыманов.

Айта кеткен жөн, жолдарды сапалы төсеу үлкен шығындарды талап етеді. Ал ауыл бюджетінің өз қаражаты ешқашан болмаған. Алдағы уақытта пайда болуы да екіталай, дейді телеарна тілшілері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890952-422-mln-tege-blingen-kyzylordada-kar-stine-asfalt-tsegender-eldi-samyna-tidi/

pixel