jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжамы

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы кездері ел тұрғындарын "қыстың екінші айында ауа райы қандай болады екен "деген сұрақтың мазалап жүргені рас. Осы орайда "Қазгидромет" қызметкерлері қаңтарға арналған консультативті болжамды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болмақ.

Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен болуы мүмкін, дейді олар.

"Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.

Мамандар қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанда бірнеше суық толқындар күтілетінін жасырған жоқ.

Олардың сөзінше, ауа температурасы қаңтардың екінші жартысында төмендей түспек.

"Бұл ретте ауа температурасы: солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін; республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді", - деді синоптиктер.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.

Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжамы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.