Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шоу емес": Кезекке таласқан алматылықтар жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pexels.com

Әлеуметтік желіде кезекке таласқан ел тұрғындарының видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсуде. Пікір білдіргендер келеңсіз жағдайдың Алматы қаласында орын алғанын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі түрлі топтар мен Whatsapp мессенждерінде кеңінен тараған видео кадрынан кезекте отырған адамдардың арасында жанжал туындағанын байқау қиын емес.

Олар ем қабылдау бөлмесінде сеанста отырған азаматтың жайбасарлығына наразы екенін білдірген.

Бұны көрген оқырмандар пікірлерін қарша боратты. Желі қолданушыларының басым бөлігі кезекті күттіріп қойған ер азаматқа деген ренішін жеткізген. Арасында жасы үлкен адамдардың жанжалдасуын "ерсі әрекет" деп бағалағандар табылып, оларды сабырға шақырды.

Пікір жазғандардың бірінің сөзінше, аталған оқиға оңтүстік астанадағы "Аламан" пантон-ваннасында өрбіген.

Осы жағдайға қатысты емдеу орталығының басшысы, әрі танымал журналист Нүрсейіт Жылқышыбай пікір білдіруді ұмытқан жоқ.

"Достар, келеңсіздік үшін кешірім сұраймын. Жан-жақтан осы видео келіп жатыр. Бұл қолдан жасалған шоу емес. Биыл еріктілер жылы болғаннан кейін біраз азаматтар мен азаматшаларға қолдау көрсеткен болатынбыз.

Жаңа жылдың қарсаңында “Аламан” панто-ваннасына түсіп, табиғи ем қабылдасын деген ниетте қолдау көрсеттік. Соның салдарынан қонақтар бір - бірін сыйламай бұғының мүйізінің қанына түсу үшін төбелесуге дейін барды. Кейде жақсылық жасағанымыз керсінше болып жататыны мен үшін өкінішті", - деді ол.

Сонымен қатар, Нүрсейіт Жылқышыбай бұндай жайттар алдағы уақытта қайталанбайтынын тілге тиек етіп, ем алушыларды ертерек жазылуға шақырды.

"Оңтүстіктің халқы панто-ванна ашқан кезде түсінбеген еді. Қалай оның денсаулыққа пайдасы болуы мүмкін деп пікір айтқандар да естідік. Олар пантоға келіп, бұған түскеннен кейін, ойлары ақырындап өзгере бастады.

Ванна қабылдағандар пора-пора болып терлеп, жылдар бойы денесінде қалған суықты шығарды. Осылайша, пайдасын өз көзімен көрді. Сосын бұл туралы жақындарына, ағайын-туыстарына айта бастады. Нәтижесінде қазіргі уақытта панто-ваннаға келушілердің саны өте көп. Сондықтар орын бола бермейді. Ем алушылар кемінде екі күн бұрын жазылады.

Видеодағыдай көріністер, яғни кезекке таласу жиі орын алып тұрады. Сондай сәттің бірін панто қызметкері видеоға түсіріп үлгеріпті", - деді "Аламан" панто ваннасының басшысы.

Осы орайда Нүрсейіт Жылқышыбай панто-ваннаның пайдасы туралы да қысқаша ақпарат бере кетті.

"Аламан пантосы протрузия, геморрой, простатиттің алдын алуға тікелей көмектеседі. Таза табиғи өнім. Ешқандай дәрі дәрмек ішпей ақ, табиғи жолмен ем алуға мүмкіндік береді. Бұның пайдасын көзі қырағы көрермен жақсы біледі", - деп қысқа қайырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891088-sou-emes-kezekte-talaskan-almatylyktar-zrtty-zagasyn-statty-video/

pixel