Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Камераға рұқсат жоқ": Қоғам белсенділері бас санитардың қаулысына қарсы шықты

Опубликовано:

бас санитар дәрігер медициналық мекемелерде фото-видео түсіруге тыйым салды
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің бас санитар дәрігерінің медициналық ұйымдарда, жедел жәрдем көлігінде фото-видео түсірілімге тыйым салу туралы қаулысына қоғам белсенділері қарсы шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Қайырғали Конеев аталған қаулыға ашық қарсылығын әлеуметтік желідегі парақшасына жария етті. Оның ойынша ауруханалар мен емханаларда фото және видео түсіруге рұқсат етпеу - қоғамдық бақылауға жол бермеу деген сөз.

"Шетелде тіпті операциялық залдар әйнек қабырғалармен жабдықталған. Туыстары ота жасау процесін бақылай алады. Осылайша медқызметкерлер науқастың жақындарына сенім туғыза алады.
Ауруханалардағы жай-күйден хабар беретін әлеуметтік желілердегі фото, видеолар халықтың бақылау құралы, тек солай ғана медициналық көмектің сапасын жақсартуға болады. Осындай халық бақылауының арқасында денсаулық сақтау жүйесі дамиды", - деп ашынды ол.

Дәрігердің айтуынша, қаулыдан кейін науқастар өз құқығын қорғай алмауы мүмкін. Қазақстандық ауруханалардағы адам төзгісіз жағдаймен ел қалай күреспек? Науқастар ауруханалардағы адам шошырлық жайды енді қалай дәлелдейді?

Қайырғали Конеев қоғамдық бақылау болмаса, денсаулық сақтау жүйесі балшыққа белден бататын айтады.

Атап өту керек, Тұтынушылар құқын қорғау коалициясының төрағасы Мұрат Әбенов те тиісті сала басшысына, денсаулық министріне ескерту жасап, жазба қалдырды.

Ол медициналық қызмет көрсету барысында видео түсіруге салынған тыйымды алып тастауды талап етіп отыр. Мұрат Әбенов "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңның 24 бабы, 12 бөлімін алға тартты. Заңда: "Тұтынушылардың фото-, видео- қолдану құқығын шектеуге тыйым салынады" делінген.

Мұрат Әбенов талап орындалмаса тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы министрліктің әрекетін сотқа беретінін ескертті.

Еске сала кетсек, Еліміздің Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов 25 желтоқсанда "денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем көлігінде, және жергілікті атқарушы орган карантин үшін арнайы бекіткен ғимараттарда, сондай-ақ медициналық қызметкердің үйге келіп, медициналық көмек беруі кезінде аудио, фото және видео түсіруге тыйым салу туралы" қаулыны енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891258-foto-video-tsiruge-tyjym-kogam-belsendileri-bas-sanitar-drigerdi-kaulysyna-karsy-sykty/

pixel