Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы 10 жылда қажетсіз болып қалатын мамандықтар аталды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

SuperJob жұмыс іздеу қызметінің президенті Алексей Захаров алдағы 10 жылда қажетсіз болып қалу қаупі бар мамандықтарды атады деп жазады Известия газеті.

Оның сөзінше, есепшілер, жүк көлігі жүргізушілері мен такси жүргізушілерінің қызметіне сұраныс азаяды.

Алексей Захаров бұның себептеріне де тоқталып өтті.

Есепшілер қызметіне сұраныс цифрландырудың өсуі мен электронды құжат айналымына жаппай көшу аясында төмендеуде, ал жүргізушілерді болашақта дрондар ығыстыруы мүмкін, дейді маман.

Ол конвейерден шығатын барлық жаңа жүк көліктерінде қазірдің өзінде жүргізушісіз пайдалану үшін қайта жабдықтау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын сөз етті.

"Немесе мұндай мүмкіндікті барлық өндірушілер жақын арада іске асыратын болады", — дейді сарапшы.

Алексей Захаровтың сөзінше, алдағы жылдары шет тілдерінің оқытушылары нарықта сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұған технологияның дамуы себеп, дейді ол.

Сарапшы тілдерді үйрену қазірдің өзінде көптеген адамдар үшін хоббиға айналғанын, сонымен бірге аударма үшін электрондық қызметтердің тиімділігі артып келе жатқанын жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Америка Құрама Штаттарының ғалымдары адам өмірін он жылға ұзартатын төрт факторды атаған болатын.

Сонымен қатар диетолог Майкл Мосли қара нанның кейбір түрлері қандағы қант деңгейін көтеріп жіберетіндіктен, оны таңдағанда сақ болуға кеңес берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891317-aldagy-10-zylda-kazetsiz-bolyp-kalatyn-mamandyktar-ataldy/