Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2021 жылдың алғашқы күндерінде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңа жыл
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 2020 жылдың 31 желтоқсаны мен 2021 жылдың 2 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды ведомствоның Telegram арнасы.

Синоптиктердің болжамынша, қардың түсуі мен ауа температурасының жоғарылауына ықпал еткен атлантикалық циклонның әсері тек шығыс аймақтарда ғана сақталады.

Қазақстанның қалған өңірлерінде суық антициклонның әсері байқалып, солтүстік және шығыс аймақтарда ауа температурасы түнде 30-35-ке дейін төмендеп, кейбір аудандарда 40 градус аяз болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер Жаңа жыл мерекесі кезінде еліміздің бірнеше қаласында аяз болатынын болжаған еді.

Мәселен Нұр-Сұлтанда 31 желтоқсанда аздап қар жауып, бұрқасын, тұман болуы ықтимал.

Сонымен қатар күндіз 20-25, түнде 30-35 градус аяз күтіледі. Желдің екпіні 9-14 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ал 1 қаңтарда ауа райы жауын-шашынсыз, тұманды болады деп күтілуде.

Күндіз сынап бағанасы 25-30, түнде 32-37 градус аяз болуы ықтимал. Желдің күші 9-14 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматыда 31 желтоқсанда қар жауып, тұман түсіп және жел тұруы мүмкін. Күндіз ауа температурасы -10-15 градус, түнде -15-20 градус.

1 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Күндіз 10-15 градус, түнде 18-23 градус аяз күтіледі.

Шымкентте 31 желтоқсанда күндіз 1-3 градус жылы, түнде 6-8 градус суық. 1 қаңтарда күндіз 3 градус жылы болса, түнде -8 градус суық болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891800-2021-zyldy-algasky-knderine-kazakstanda-aua-rajy-kandaj-bolmak/

pixel