Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2 млн адам қарайды": Жамбыл облысында 15 жастағы бақташы TikTok жұлдызына айналды

Опубликовано:

Малшы
Скриншот: TikTok / avdi_senpai_i

Жамбыл облысының 15 жастағы тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде жұлдыз болды. Оның 1,7 миллионнан астам жазылушысы бар деп хабарлайды BaigeNews.kz.

Авди есімімен TikTok-қа тіркелген 9 сынып оқушысы пандемияға байланысты қашықтықтан білім алуда.

Бос уақытында мал жаюға шығатын бозбала TikTok-та өз өмірінен қысқа видеолар жариялап отырады.

Малшы
Скриншот: TikTok / avdi_senpai_i

Жасөспірім негізінен малшының күнделікті өмірін түсіреді және жазылушылардың сұрақтарына жауап береді.

Оның парақшасына екі миллионға жуық адам жазылып үлгерген, ал оның видеоларын ұнатқандардың жалпы саны 50 миллионға жуықтайды.

Жас блогердің өзі TikTok желісін ақша табу үшін емес, тек қызығушылық танытқаннан жүргізіп жүргенін атап өтті.

Айтуынша, туған ауылында бәрі оның TikTok жүргізетінінен хабардар және жасөспірімге барынша қолдау білдіреді.

Малшы
Скриншот: TikTok / avdi_senpai_i

Айта кетсек, бұған дейін АҚШ тұрғыны TikTok қосымшасында жайбарақат скейтпен сырғанап жүрген видеосының арқасында күтпеген жерден қымбат көлік мінгенін жазған едік.

Белгілі болғандай зауытқа қарай скейтпен бет алған сәтін видеоға түсірген азамат жол бойы рақаттанып сусын ішеді.

Оcean Spray сусынын ішіп, Dreams —Fleetwood Mac әнін тыңдаған ер адамның видеосы 14 қазанға дейін 50 млн-нан астам қаралым жинап үлгереді. Нәтижесінде сусынға деген сұраныс артып, ән де ерекше танымалдыққа ие болған. Ер адамның өзі де бір сәтте жұлдызға айналып шыға келеді.

Ал саудасы жүрген сусын компаниясы болса, ер адамға алғыс ретінде су жаңа көлік сыйға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891865-2-mln-adam-karajdy-zambyl-oblysynda-15-zastagy-baktasy-tiktok-zldyzyna-ajnaldy-video/

pixel