RU

Қызылордалықтар ауылдасына асарлатып үй салып берді

Фото
Фото: Түркістан басылымы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары жерлестері – бірінші топ мүгедегі Орынбек Шаймағанбетовке жаңа баспана салып берді деп хабарлайды Түркістан басылымы.

Басылым мәліметінше, Ақсу ауылында тұратын ер адам Жаңа жыл қарсаңында жаңа тұрғын үйге көшкен.

Орынбек Шаймағанбетов Ақсу ауылында дүниеге келген. Әскерден келгеннен кейін отбасын құрып, жұмыс істеп жүрген азамат 2002 жылы жол апатына ұшырап, бірінші топ мүгедектігі берілген.

Тағдыр сынына мойымайған азамат 2014 жылдан бастап тігін тігумен айналысады.

2015 жылы "Ақниет" бағдарламасы бойынша алған қайтарымсыз 485 мың теңгеге жеке кәсібін ашқан.

Алайда отбасы тағы бір қиындыққа ұшырап, Орынбектің жұбайы Жеміскүл де жол апатына түсіп, жұмыстан шығып қалады.

Бұл жанұяның жағдайына бей-жай қарай алмаған тұрғындар Ақсу ауылында үй жалдап тұратын отбасыға баспана салып береді. Оған жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсеткен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданы Есілбай ауылының белсенді жастары жергілікті зейнеткерге екі бөлмелі үй салып бергенін жазған болатынбыз.

Ал 66 жастағы әйел адам қол ұшын берген барша жанға алғысын білдірді.

"Екі жылдан бері тұрып жатқан әке-шешемнің үйінің төбесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болатын. Мен ешкімге салмақ салып, көмек сұрағым келмеді. Бірақ жастардың өздері қолқа салып, көмек көрсетуге ниет білдірген соң беттерін қайтарғым келмеді. Олардың бұл істеріне ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын! Өзгелерге  жасаған жақсылықтары өздеріне еселеніп қайтсын", - дейді зейнеткер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891871-kyzylordalyktar-auyldasyna-asarlatyp-j-salyp-berdi/