RU

Қазақстанға ПТР анықтамасыз ұшып келген 11 адамнан коронавирус анықталды

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

29 желтоқсан күні Шарм-Эль-Шейх-Қостанай рейсімен ұшып келген 11 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы COVID-19-дың тарауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми Telegram арнасы хабарлады.

29 желтоқсанда Шарм-Эль-Шейх –Қостанай рейсімен 212 қазақстандық анықтамасыз келген. Тапсырылған ПТР-тесттің нәтижесінде 11 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған.

Ал 30 желтоқсанында ел аумағына Нидерланды, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсімен 1 258 жолаушы ұшып келген.

Олардың 1 044-інде ПТР-тесттің теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болса, 214 қазақстандықта анықтама болмаған.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 526 жолаушы, анықтамамен – 510, анықтамасыз - 16;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 469 жолаушы, анықтамамен - 286; анықтамасыз - 183;
  • Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 263 жолаушы, анықтамамен - 248; анықтамасыз - 15 жолаушы келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19-ға тест тапсырып, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты соңғы деректерді жария етті.

Мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 195 дерегі тіркелген.

Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 154 720-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891926-kazakstanga-ptr-anyktamasyz-syp-kelgen-11-adamnan-koronavirus-anyktaldy/