RU

Алексей Цой: Қазақстан коронавирус бойынша қаупі төмен "жасыл" аймақта

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: mz.gov.kz

Әлемде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай әлі де қиын. Бүгінде 220 елде 84 млн адам КВИ жұқтырған, оның 1 млн 840-ы қайтыс болды. Ал Қазақстан қазір қаупі төмен "жасыл" аймақта тұр. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен өткен онлайн брифингіде белгілі болды.

Алайда, Атырау облысы аса қауіпті "қызыл" аймақта. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары "сары" аймақта.

"Елімізде 156 943 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 946 адамға КВИ- диагнозы қойылған. Пациенттердің 87% індеттен жазылып шыққан, ал маусым-шілде айында айыққандар қатары 60% аспайтын", -деді министр.

Биыл 3 қаңтардағы жағдай бойынша, елімізде 18 608 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде 4 980 төсек-орында науқас жатыр. Реанимация бөлімшесіндегі пациент саны - 320, өткен аймен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.

Министрдің айтуынша, 54 науқастың жағдайы өте ауыр. ӨЖЖ-де 45 пациент бар, 1,4 есе артқан, 150 пациент өзі тыныс алуда.

Одан бөлек, әуе қатынасы қалпына келтірілген елдерден келген адамдарға санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту үшін, сондай-ақ ЕАЭО елдерімен, Өзбекстан Республикасымен және т.б. автоөткел жолдарда карантиндік стационарлар дайын, онда 6 666 төсек-орын бар, республика бойынша 403 төсек-орында адам жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін министр не себепті вакцина қабылдамай жүргенін түсіндірген еді. Ол вакциналарға қатысты қорытындыны күтіп жүргенін жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892109-aleksej-coj-kazakstan-koronavirus-bojynsa-kaupi-tmen-zasyl-ajmakta/