Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ақпан айында ресейлік вакцина қолданысқа шыға бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Қазақстандықтардың қажеттілігін қамтамасыз ететін вакцина шығаратын зауыттың салынуын күтіп отырмыз. Бұл зауыт жылына вакцинаның 60 млн дозасын шығара алады. Вакцинациялауды өзімізде бар көлемде жүзеге асыра бастаймыз, ары қарайғы қажеттілікті аталған зауыт өндіріп береді деп ойлаймыз", - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ол ақпан айында ресейлік вакцинаның қолданысқа шығарыла бастайтындығын айтты.

"Одан кейін кезең кезеңімен, ай сайын қазақстандық вакцинаны да қолданысқа шығара бастаймыз. Қазақстандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады. Вакциналар нарыққа шыққаннан кейін негізгі қажеттілікті қамтамасыз етеміз деп ойлаймын", - дейді министр.

Айта кетейік, Pfizer мен BioNTech вакцинасы Қазақстанға 2021 жылдың екінші жартыжылдығына кейін келеді деп күтілуде.

"Жаңа жыл қарсаңында біз "Pfizer" компаниясымен тағы бір мәрте келіссөз жүргіздік. Біз осы вакциналарды жеткізу мүмкіндігі, шығындар туралы мәселелерді талқыладық. Сонымен қатар, құпиялылық туралы, яғни біз жариялай алмайтын ақпарат туралы келісімге қол қойдық. Бұл келісім ішкі параметрлерге қатысты. Жалпы алғанда, бұл вакцинаны Қазақстанға екінші жартыжылдыққа дейін жеткізу туралы ұсыныс айтылды", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892120-otandyk-vakcina-nauryz-ajynda-koldanyska-sygady/

pixel