Қазақстанда өткен тәулікте тағы 645 адамнан коронавирус анықталған
Жарияланған күні:
Елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 645 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 58
Алматы қаласы - 105
Шымкент қаласы - 1
Ақмола облысы - 58
Ақтөбе облысы - 3
Алматы облысы - 38
Атырау облысы - 51
Шығыс Қазақстан облысы - 48
Жамбыл облысы - 9
Батыс Қазақстан облысы - 35
Қарағанды облысы - 27
Қостанай облысы - 58
Қызылорда облысы - 3
Маңғыстау облысы - 13
Павлодар облысы - 72
Солтүстік Қазақстан облысы - 56
Түркістан облысы - 10
Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 157 579-ға жетіп отыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте індеттен 752 адам жазылып шыққан. Осылайша жалпы елде COVID-19-дан жазылғандар саны 144 710.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы Теңіз кенішіндегі стационарда коронавирус жұқтырған 669 адам ем қабылдап жатқанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцина наурыз айында, ал Қарағанды облысында өндіріліп жатқан ресейлік вакцина ақпан айында қолданысқа шығарыла бастайтындығын айтқан болатын.
Цой вакциналар нарыққа шыққаннан кейін негізгі қажеттілікті қамтамасыз етеді деген ойда.
Сонымен бірге министр коронавирусқа қарсы вакцинаны не себепті әлі қабылдамай жүргенін түсіндірген еді.
Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі қазір соңғы қорытындыны күтіп отыр. Вакцина Қазақстанда тіркеліп, көптеп шығарылғаннан кейін өзі де алдыңғы қатардағылардың бірі болып вакцина қабылдамақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892133-tken-tulikte-koronavirus-tagy-645-adamnan-anyktalgan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.